Мұғалім - мәртебелі мамандық

17.10.2019ж

Қазан айының 9-ы күні аудандық Мәдениет үйінде мұғалімдер күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған ұстаздар мен сала басшылары, ардагерлер қатысты.

     Салтанатты іс-шарада аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Қастеев баяндама жасап, өткен оқу жылындағы қол жеткен жетістіктерге тоқталды. Алдыңғы қатардағы мектептерді атап өтіп, озат мұғалімдердің жетістіктерін баяндады. Мектептерден шыққан пән олимпиадасының жүлдегерлері туралы да айтып, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздарының аттары аталды.
Өз кезегінде сөз алған аудан әкімі Талғат Өмірәлиев ұстаздар мәртебесі туралы айта келіп, ұлағатты жандардың еңбегін жоғары бағалады. Сондай-ақ олардың еңбектерінің жемісті болуына тілектестік білдірді.
     Аудан әкімі Т.Өмірәлиев шара барысында озат ұстаздарды марапаттады. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаттары», Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттары», Алматы облыстық білім басқармасының «Құрмет грамоталары» салтанатты түрде табыс етілді.
Сондай-ақ «Үздік ауыл мектебі-2019», «Жылдың үздік мұғалімі» және «Үздік сынып жетекшісі», «Үздік балабақша», тағы басқа марапаттар да өз иелерін тапты.
     Ұстаздардың мерекелік шарасында Алматы облысы әкімінің «Алғыс хаты» және аудан әкімінің «Құрметі грамотасы» мен «Алғыс хаты» табыс етілді.
Ұстаздық жолын жаңадан бастаған бір топ жастарға еңбек кітапшалары берілді. Мұғалімдер күніне арналған шарада көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасы тамашаланды.
Жұмағазы Бейсебек.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 730100