Биылғы төлемдердің көлемі жайлы

07.02.2019ж;

2019 жылы сақтандыру төлемдерін тек жұмыс берушілер ғана төлейді. Олар Қорға жұмыскер табысының 1,5% көлемінде жарна аударады.

     Қаржы жұмыскердің өз қаражаты есебінен аударылады. Төлемдерге қатысты шектеулер бар – егер азаматтың ай сайынғы табысы 10 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) көп болса, онда аударым тек сол 10  ЕТЖ-дан ғана алынады.

    Сонымен қатар, медициналық сақтандыру қорының Алматы облыстық филиал директоры Сәбит Құралбек 2019 жылдың қаңтарынан бастап бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілгенін хабарлады. Оның ішінде басқа әлеуметтік төлемдермен қатар  МӘМС жарнасы да бар. Бұл төлем азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді. Бірыңғай жиынтық төлемді ақша табу үшін еңбек етіп жүрген, жалдамалы жұмысшылар еңбегін пайдаланбайтын, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін жеке тұлғалар төлейді. Төлем республикалық маңызы бар қалаларда 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) болса, басқа елді мекендерде (ауыл, аудан т.б.) 0,5 АЕК құрамақ.

Қалған азаматтар қашан және қанша төлейді?

    2020 жылдан бастап мемлекет азаматтардың 13 санатына сақтандыру жарнасын аудара бастайды. Олардың арасында: балалар, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, көп балалы аналар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, бала күтіміне байланысты декреттік демалыста отырған аналар, мүгедектер, мүгедек балалардың күтушілері, ресми тіркелген жұмыссыздар, интернат тәрбиеленушілері, студенттер, изоляторлар мен қамауда отырған тұлғалар, жұмыс істемейтін оралмандар бар.

    Жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін өз есебінен 2%, жұмыс беруші жалақысынан 1% ұстап Қорға аударады.

    Жеке кәсіпкерлер ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызын төлейді.

    Төлемді өз бетінше төлейтін санат, яғни еңбек биржасына тіркелмеген, жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркеуі жоқ тұлғалар 2020 жылдан бастап ай сайын 1 ең төменгі жалақының 5%-ын төлейді.

   Қорға түскен қаржы сақтандыру шеңберінде көрсетілетін медициналық қызмет ақысын төлеуге жұмсалмақ.

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

 коммерциялық емес акционерлік қоғ­амы

Алматы облысы бойынша филиалы

бас  сарапшысы А.Шуакбаев

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4129560