Екпе егу жұмыстары жүргізілмек

16.08.2019ж

Инфекция ауа-тамшылы жолмен беріледі. Вирус сыртқы ортаға сөйлеген кезде түкірікпен, жөтелген, түшкірген кезде бөлінеді.

Бұл аурумен ауырмаған және егілмеген адамдар қызылшаны жұқтыруға бейім болады және өзінің өмірінде кез-келген жаста ауырып қалуы мүмкін. Алғашқы белгілері: инкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін бірінші белгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады. Есте сақтайтын ең маңызды жәйт – ауру бөртпе шығудан басталмайды, ол суық тию белгілерімен басталады: дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі. Кейініректе конъюктивит (көздің шырышты қабығының қабынуы), сонымен қатар, беттің шырышты қабығында (азу тістерінің қарсысында) ұсақ ақ дақтар пайда болады. Бөртпе ең алдымен құлақтың артында және маңдайда, содан кейін тез арада бет, мойын, дене және аяқ-қолға таралады. Ұсақ қызғылт дақтар тез арада үлкейіп, формасын өзгертіп, бір-біріне қосылып кетеді. Бөртпелер 4-7 күн сақталады.
Асқынуы неге апарып соғуы мүмкін? Ең көп тараған түрі ортаңғы құлақтың қабынуы (отит), соқырлық, бронхтық пневмония, мойын лимфотүйіндерінің қабынуы, ларингит, энцефалит. Қызылшаның дамуын байқаған сәтте кешіктірмей дәрігерге қаралу керек.
     Қызылша әсіресе жүкті әйелдер үшін қауіпті, жүкті әйел қызылшамен ауырса, баласы кемтар болып тууы мүмкін.
Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады. Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісін 6 жаста жасалады. Егу тұрақты қорғанысты тудырады. Қызылшаға қарсы қосымша егулер науқаспен қатынаста болған қызылшаға қарсы егулері жоқтарға, эпидемиологиялық көрсеткіші бойынша 30 жасқа дейінгі адамдарға салынады. Жоспарлы екпеден бас тарту тек өзіңіздің ғана емес, басқаның да өміріне қауіп төндіреді!!!
    Сондықтан, ешбір себепсіз екпеден бас тартқан тұрғындардың ойлануына назар саламыз. Екпелер – бұл жұқпалы аурулардан сақтанудың жалғыз сенімді жолы. Сіздердің қызылшаға және қызамыққа қарсы қорғалуға мүмкіндігіңіз бар!
     20-дан 29 жасқа дейінгі тұрғындарға қызылшаға және қызамыққа қарсы жүргізілетін қосымша иммундауда екпеге шақырылған адамдарды толығымен екпе алуға шақырамыз! Өзіміздің деніміздің саулығын ойлап, жарқын болашаққа салауатты қалыпта қадам басайық құрметті қауым!
Е. Смағұлов,
аудандық
ТКҚСҚББ басшысы.