Алматы облысында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны өтуде

20.11.2019ж

«Jetisu Media» алаңында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқанына орай баспасөз- мәслихаты өтті.

 

1988 жылдан бері жыл сайын 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні болып белгіленген, биылғы жылы науқандық іс-шаралар  «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» ұранымен өткізіліп жатыр.

 

Осы тұрғыда Алматы облысында 2019 жылдың 5-ші қарашасы мен 5-ші желтоқсаны аралығы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанын өткізу айлығы боп жаряланды.

Айлықтың басты мақсаты – облыс халқының АИТВ/ЖИТС бойынша білім деңгейін көтеру, оның ішінде халықтың осал топ өкілдері, сонымен қатар жастар арасында АИТВ жұқпасының  таралуының  алдын алу.

Жыл сайын АИТВ жұқпасына 250 000 адам (облыс тұрғындарының 12 %) шалдығады. Жұқпаның 70-80% жыныстық қатынас арқылы, 17-20% есірткі қабылдайтындар арасында, 1-2% анадан балаға жұғу  жолымен таралуда. 

«Соңғы жылдары адамдардың дәрігерге кешігіп қаралу үдерісі байқалуда, соның есебінен 2019 жылы анықталған әрбір бесінші науқас ЖИТС-тің 3-4 клиникалық сатысында анықталып отыр»,- дейді  Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын  алу және оған қарсы күрес орталығы директорының емдеу ісі бойынша орынбасары Гаухария Уранкаева.

Анадан балаға жұғу жолының алдын алу үшін медициналық мекемелердің барлығында бала туу жасындағы 15-49 жас аралығындағы әйелдердің барлығын жылына бір рет АИТВ жұқпасына тексеру қолға алынған, нәтижие бойынша, олардың арасынан 7 бірдей науқас бар екені анықталған. 

Жыл басынан халық арасында 251 алдын алу шаралары жүргізіліп, 36049  адам қамтылған. Оның ішінде білім беру мекемелерінде 117, кәсіпкерлік саласында 94, Ішкі істер министрлігінің жеке құрамыммен 14, әскери өлімдерде 26 іс-шара өткізілген.

Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын  алу және оған қарсы күрес орталығы директорының емдеу ісі бойынша орынбасары Бағдагүл Сәметқызының айтуынша, бірқатар атқарылған жұмыстарға қарамастан халықтың АИТВ жұқпасын жұқтыру көрсеткіші жылдан жылға жоғарылауда, жылына 300-ден астам АИТВ жұқтырған адамдар анықталуда, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер арасында да тіркелуде.

Мамандарды алаңдатып отырған жағдай жұқпаның «жасаруы». Қазіргі кезде жастардың ерте жыныстық қатынасқа түсуі, есірткі пайдалануы бірден бір себепші күш болып тұр.

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні – ол халықаралық, ұлттық және жергілікті деңгейде аталған індетке қарсы тұру үшін ұйымдастырылады. Қоғамды осы қауіпті дерттің алдын алуға, өз өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу керек. Сонда ғана оң нәтижиеге қол жеткізуге болады. 

 

Анар Сабырова