Әрекет етер кез келді

03.07.2020ж

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Ал 16 наурыздан бастап бұл аурудың алдын алу үшін елімізде төтенше жағдай режимі енгізілді. 11 мамырға дейін созылған төтенше жағдай режимі уақытында да, одан кейін де біраз адам әлеуметтік желідегі жалған ақпараттарға еріп, бұл вирустың барына сенбеді.

Той жасап, туған күн өткізіп, көшеде тым еркін жүріп кетті. Соның салдарынан да болар, қазір Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсуде. Елімізде азаматтардың жүріп-тұруы мен көптеген нысандардың қызметіне біршама шектеу шараларын қайта қарастыруға тура келді. Бұл ретте, Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2 шілде күні Мемлекеттік комиссия елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті. Біздегі ендігі міндет - сол қабылданған шектеу шараларын ескере отырып, еліміздегі ахуалдың тұрақтануына өз септігімізді тигізу.
Б.Кеңесбай.