Өңірлерге ыстық түсіретін және антибактериалды препараттардың айлық қоры жөнелтілді

27.07.2020ж
 
Өңірлерге ыстық түсіретін және антибактериалды препараттардың айлық қоры жөнелтілді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі дәрі-дәрмек қорын қамтамасыз ету үшін Үндістан мен Ресейге ұшақ жіберілетінін мәлім етті.
Қазіргі уақытта халықтың зор сұранысына ие болып отырған дәрі-дәрмектің 21 түрін өңірлерге жіберіп отырмыз. Жергілікті атқарушы органдар дәріхана желілеріне мониторинг жүргізіп, осы дәрі-дәрмек түрлерінің дәріханаларда болуын қамтамасыз етуі қажет,-деді Алексей Цой үкіметтің отырысында. Оның айтуынша, елдегі дәрі-дәрмек қорын толықтыру үшін Ресейге екі, Үндістанға бір ұшақ жіберілген. «Отандық өндірісті қоса алғанда осы күнге дейін 2 миллиард теңгеге 3,5 миллион қаптама дәрі-дәрмек жеткізілді. Аймақтарға ыстық түсіретін және антибактериалды препараттардың бір айлық қоры жөнелтілді. Препараттар тең дәрежеде бөлініп, аймақтарға жіберілді,-деді ол.