Қордың Алматы облысы бойынша филиалының директоры коронавируспен күресуге бөлінген қаражаттың жұмсалуы және облыстағы сақтандырудың өзекті мәселелері туралы баяндады.

 

17.08.2020ж

Ағымдағы жылдың наурыз - маусым айларында облыстың стационарларында 8 мыңнан астам коронавирус және пневмониямен ауыратын науқастар емделді, оған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалынан медициналық ұйымдарға 3,43 млрд.теңге бөлінді.

Бұл қаражат келесідей медициналық қызметтерге бағытталған болатын:  

- 1,21 млрд.теңге - медициналық көмек көрсетуге;  

- 1,74 млрд.теңге - ерекше еңбек жағдайлары үшін медицина қызметкерлеріне үстемақы төлемдеріне;                                 - 120 млн.теңге - стационар деңгейіндегі ПТР-диагностикасына;

-  36,0 млн.теңге - амбулаториялық-емханалық көмек деңгейіндегі ПЦР-диагностикасына бөлінді.                                                  «Ерекше еңбек жағдайлары үшін медицина қызметкерлеріне үстемақы  сомасының ұлғайғанын атап өту қажет. Бұл көрсеткіш шілде айында – 1,52 млрд.теңгені құрады», - хабарлады Н.Отарғалиев.

Республикалық бюджет қаражатынан Алматы облысының медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеуге 2,89 млрд. теңге бөлінгенін атап өту қажет. Әр ай сайын, коронавирустық инфекциямен күресте үстемақыны 1447-ден 5362-ге дейін қызметкерлер алады.   

«Үстемеақы төлемдерінің жүргізілуі тәртібі бойынша анықтап алайық. Атап айтқанда, бұл үрдіс келесідей жүзеге асырылады.      Тәуекел тобын көрсете отырып, короновирусқа қарсы күреске қатысатын медицина мамандарының тізімін жауапты медициналық мекеме қалыптастырады. Аталған тізімдер жұмыс органына – денсаулық сақтау Басқармасына жіберіледі. Кейін, облыс әкімінің орынбасары бастаған жедел штаб комиссиясымен қарастырылады. Комиссия құрамына келесі ұйымдардың өкілдері кіреді: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің департаменті, денсаулық сақтау Басқармасы, үкіметтік емес ұйымдар, «Нұр-Отан» партиясы. Осы үрдістердің нәтижесінде, медициналық сақтандыру қоры төлемді комиссия ұсынған хаттамалардың негізінде, шарт шеңберінде жүргізеді», - атап өтті өзінің баяндамасында Қордың филиал директоры.

Қазіргі таңда, облыста сақтандырылмаған азаматтардың жоғары пайызы анықталған. Осыған байланысты халық медициналық ұйымдарда қиындықтарға тап болады және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті аясында медициналық қызметтерге қол жеткізе алмайды.

Президенттің тапсырмасы бойынша 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін әрбір азамат шартты түрде сақтандырылған және сақтандыру мәртебесіне қарамастан медициналық көмекті алуына мүмкіндік болды. Жеңілдік кезеңінде азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, МӘМС қатысушысы екендігін анықтап алу қажет еді. Алайда, сақтандырылу мәртебесінің болмауына байланысты, бірқатар себептерге орай, сақтандырылмаған облыс тұрғындары МӘМС пакеті аясында медициналық қызметтерді пайдалана алмайды.   Жеңілдігі бар 15 санаттағы азаматтар сақтандыру мәртебесінен бірыңғай жиынтық төлемін төлегеннен кейін айырылды. Енді, осы санаттағы тұлғалар өз әлеуметтік мәртебесін egov.kz порталы арқылы дәлелдеу қажет. Үкіметтің 20.04.2020 ж. №224 қаулысына сәйкес МӘМС үшін төлемнен 2020ж. 1 сәуірінен 1 қазанына дейін шағын және орта бизнес субъектілері төлемдерден босатылған. Кәсіпкерлердің осы санаты, тамыз айының соңына дейін өз қызметкерлерінің тізімін msb.fms.kz сайты арқылы енгізу қажет. 13.08.2020 жылғы мәліметтер бойынша 8787 ШОБ субъектісінің тек 403-і ресми түрде өз мәліметтерін енгізді. Жоғарыда аталған барлық факторлар облыс тұрғындарының сақтандыру жағдайына әсер етеді.  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры әр түрлі байланыс арналарын қолданады, енді азамттарға жаңа Qoldau-24/7 мобилді қосымшасын пайдаланып немесе 1406 нөмірі бойынша байланыс орталығына өз өтініштерін қалдыруға мүмкіндік бар. Барлық өтініштер өңделіп, тіркеледі. Күрделі өтініштер, медициналық қызметті бақылау мен сараптамалық бағалау бөліміне беріледі.

«Облыстың әрбір тұрғыны өзінің сақтандыру мәртебесін, МӘМС үшін аударымдар мен жарналарды SaqtandyryBot телеграмм-арнасы арқылы тексере алады (сілтеме: https://t.me/SaqtandyryBot). Сұрақтар туындаған жағдайда, Алматы облысы филиалы әрдайым жауап беруге дайын», - деп өзінің баяндамасын қорытындылады Қордың Алматы облысы бойынша филилал директоры. 

Анықтама: 

Қордың Алматы облысы филиалының жұмыс тәртібі: Дс.-Жұм., 9.00-18.30, түскі ас - 13.00-14.30. Тел.: 8 728 255 90 07, 8 728 255 90 06.