Өңірімізде вакцинациялаудың 2-ші кезеңі басталды

24.02.2021ж

Алматы облысына Елордадан коронавирустық инфекцияға қарсы "Спутник V" 2-ші компонентінің 1 450 дозасы жеткізілді және бүгінгі күні вакцинациялау басталды. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында хабарлады.

 Жетісу өңірінде 22 ақпаннан бастап екпе егудің екінші кезеңі басталды. Бүгінгі күнге дейін "Спутник V" вакцинасы 2 күн ішінде 124 адамға екпе салынды.

Еске сала кетсек, ақпан айының басында"Медсервис Плюс "КФК" ЖШС Облыстық қан орталығының сақтау қоймасына Нұр-сұлтан қаласынан коронавирустық инфекцияға қарсы "Спутник V" 1-ші компонентінің 1 450 дозасы жеткізілген.

 «Шалғай елді мекендерде вакцинация жүргізу қажет болған жағдайда 12 жылжымалы бригаданы іске қосу жоспарлануда. Жалпы сыйымдылығы 253 литр болатын 11 термоконтейнер дайындалды.29 егу пунктінде екпе салдырған адамдарды бақылау үшін жеке ғимарат қарастырылған. Вакцинациялауға жататын медицина қызметкерлер саны 11 192»,- деді облыстың бас дәрігері Өмірзақ Ниязбеков.

Ағымдағы жылдың 24 ақпандағы мәліметіне сәйкес, облыста КВИ зертханалық расталған 10550 жағдай тіркелген, оның ішінде 4342 симптомдары бар. Өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Алматы облысы «жасыл» аймақта орналасқан. Соңғы тәуліктегі ақпарға сәйкес, зертханалық талдау нәтижелері індет жұқтырудың 10550 жағдайы тіркелгенін көрсетіп отыр. Оның ішінде 4342 симптомдары бар науқастар екені анықталды.

«Елімізде Вакцинация жоспарланған кесте бойынша жүргізілуде, бүгінгі күні барлық өңірлерде "Спутник V" вакцинасының екінші дозасы қолжетімді, оны өндіру Қарағанды фармацевтикалық зауытының базасында жолға қойылған»,- деп атап өттіАлматы облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Асхат Чарапиев .    

 

Меруерт Ақбарова