ӘМСҚ: 2021 жылы ТМККК және МӘМС бойынша медициналық көмекке 1,8 трлн теңге бөлінді

10.03.2021ж

Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Төрағасы Болат Төкежанов Қордың негізгі бағыттары мен жаңа бастамалары туралы сөз қозғады.

 

2021 жылғы жоспар бойынша Қор амбулаториялық-поликлиникалық және стационарды алмастыратын жәрдемге қолжетімділікті арттыру, ауылдық денсаулық сақтауға қолдау көрсету, дистанциялық медицинаны, скринингтік бағдарламаларды, медбике ісін, патронаждық қызметті дамытуды қолға алмақ.

Бұл бастамалардың бәріне қаржы қарастырылған. Халыққа медициналық жәрдем көрсетуге 1,8 трлн теңге бөлініп отыр, оның ішінде ТМККК бойынша қызметтерге – 1,1 трлн теңге, МӘМС – 0,7 трлн теңге. 

«Медициналық сақтандыру жүйесін іске асырудың бірінші жылы барлығымыз үшін үлкен сынаққа – коронавирус пандемиясына тап болды. Дегенмен, форс-мажорлық жағдайларға қарамастан, МӘМС іске асырудың бірінші жылының қорытындылары медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанын, осы төтенше кезеңде денсаулық сақтау саласы үшін қаржылық "қауіпсіздік жастығын" құрғанын және ең бастысы, медициналық көмек көлемін арттыру үшін жағдай жасағанын көрсетті. Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруды ескере отырып, Қор биылғы жылы белгіленген жоспарлар мен жаңа бастамаларды жүзеге асыруға ниетті» - деп Болат Төкежанов нақтылап өтті.

Қор қаржыландырудың басым бағыттарының бірі ретінде балаларға медициналық көмек көрсету болып табылады. Атап айтқанда, "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша жоғары технологиялы медициналық жәрдемді қаржыландыру 7 есе көбейеді. 2021 жылы 7 мың ерлі-зайыпты ата-ана атану мүмкіндігіне ие болады. «Қамқорлық» бағдарламасы бойынша ерекше күтімді қажет ететін балаларды медициналық оңалту қаржыландырылатын болады.

 Неонаталдық скринингтер жүргізу мен сәбилердің психофизикалық дамуын бағалауға, сондай-ақ мектептегі медицинаны дамытуға қосымша қаражат бөлінеді.

Ауылдарда медициналық қызметтерге қолжетміділік арттырылмақ, бұл бағыт бойынша қаржыландыру көлемі 20%-ға көбейеді.

Сонымен қатар, дәрігерлердің жалақысын 30%-ға дейін, орта медицина қызметкерлерінің жалақысын 20%-ға дейін арттыруға 132 млрд теңге бөлініп отыр. 

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

 

Күнтізбе

« Сәуір 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1765165