Алматы облысында коронавирустық пневмонияны ерте кезеңде анықтау үшін жаңа цифрлық жүйе қолданылады

11.03.2021ж

Алматы облысында коронавирустық пневмонияны ерте кезеңде анықтауға арналған цифрлық жүйе жұмыс жасайды. Жасанды интеллект томографиялық және рентгендік қорытындыларды зерттеп дәрігерге диагнозды жедел анықтауға бағыт береді. Бүгінгі таңға дейін, жасанды интеллект мыңнан астам науқасқа нақты диагноз қоюға көмектескен. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансеңгіров хабарлады.

 Айта кетсек, өңірде наурыз айының 10-ында  45 адамнан коронавирус инфекциясының белгілері анықталған. Ал осы уақыт дейін COVID-19 жұқтырғандар саны 11366 адам. Оның ішінде 4787 адамнан КВИ симптомдары анықталған. 10 122 адам емделіп, 510 пациенттің  348-і   үйде оқшаулау жағдайында, 162 адам инфекциялық бөлімшелерде ем қабылдап жатыр. Медициналық ұйымдарда 17 компьютерлік томограф, 53 рентген аппараты, балалар үшін -70,ересектер үшін-464 ӨЖЖ жұмыс істейді.

 Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияға күдікті және расталған адамдар үшін реанимациялық төсек саны 124-тен 135-ке дейін артқан. Жалпы облыста 1292 инфекциялық төсек-орны бар.

«Облысымыздың  17 ауруханасы оттегі станцияларымен қамтамасыз етілген. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 818,2 млн.теңге бөлінді. Сондай-ақ оттегі концентраттарының саны 1350 данаға дейін жеткізілді.180 жедел жәрдем көлігі, 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Ал,бригадалар саны 205-ке дейін артты» – деді, Арман Жансеңгіров.

Бұдан өзге халықтың  әлеуметтік осал топтары үшін жергілікті бюджет есебінен вирусқа қарсы препараттар сатып алынды. Яғни,облыста 1,3 млрд. теңгеге тұрақтандыру қоры құрылды. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 41 атауы "INKAR" ЖШС қоймаларына бөлінді.

Бүгінгі таңда вакцинаны сақтауға арналған мұздатқыштар барлық 27 медициналық ұйымда бар. Қазіргі уақытта 48 мұздатқыш және 104 белсенді термоконтейнерлер бар. Бүгінгі таңда облыста 1 450 адамға COVID-19 вирусына қарсы екпе жасалды. Алдағы уақытта індеттің алдын алу жолында вакцинациямен 150 мың адамды қамту жоспарлануда.

Меруерт Ақбарова

Күнтізбе

« Сәуір 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1765068