Ауданымызда COVID -19-ға қарсы екпе жүріп жатыр

16.04.2021ж

2021 жылдың 1ақпаннан    бастап Қазақстанда, Ресейде шығарылған     COVID -19-ға  қарсы  «СПУТНИК-V»   вакцинасын  пайдалана  отырып,  вакцинациялау  2 кезеңнен тұрады.    1- кезең мақсаты адамның иммунитетін  дамыту.  2 кезең мақсаты  организмді  қорғауды күшейту.  

Вакцинация, Сізді  індеттен құтқарады пандемияның алдын алады, қауіпті инфекцияны жұқтырған күннің өзінде  жеңіл  өтеді.

                Аудан тұрғындарын вакцинациялау, COVID-19 жұқпасының алдын алу мақсатында аудандық емхана, Көктал ауылдық ауруханасы, Қоңырөлең ауылдық ауруханасы, Нұркент дәрігерлік амбулаториясы, Үлкеншыған дәрігерлік амбулаториясынан  вакцинациялау  пункттері  ашылды. Вакцинациялау пункттері талапқа сай  арнайы  бөлмелермен  жабдықталған.                                                                                                           Сонымен қатар екпе жасар алдында азаматтың денсаулығына мән беріледі. Вакцинаны салар  алдында дене қызуын өлшеу, эпидемиологиялық анамнезді жинау, сатурацияны, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, жұтқыншақты, тыныс алу, жүрек-қантамыр жүйесін тыңдап  дәрігер міндетті түрде тексеру жүргізіп, рұқсат етеді. Егер дене қызуы 37°C-тан жоғары болса, вакцинация 1-2 апта немесе 5-10 күнге кейінге қалдырылады. Вакцинациялауға қарсы көрсетілімдер: анамнездегі ауыр аллергиялық реакциялар, 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, 65 жастан асқан қарттарға бүгінгі кезде  салынбайды.Өйткені бұл жастағылар арасында зерттеу аз, клиникалық зерттеулер жүргізілуде. Бауыр мен бүйректің созылмалы ауруы барларға, эпилепсия, инсульт, орталық жүйке жүйесі ауруларында,  созылмалы обструктивті өкпе ауруларында, қант диабеті сынды эндокриндік жүйенің айқын бұзылысы байқалғандарға, қатерлі ісік, қатерлі қан аурулары бар науқастарға асқынып тұрған жағдайда  сақтықпен қолдану қажет. Яғни бұл жағдайлар абсолютті қарсы көрсетілімдерге жатпайды, вакцинациялау кезінде әр науқастың жағдайына  қарай,  байланысты  дербес  тағайындалуы  тиіс. Асқынып тұрған жағдайда салынбайды.

          Денсаулық    сақтау   министрлігінің ұсыныстарына сәйкес, COVID-пен ауырып сырқаттанғаннан кейін вакцинация  6 айдан кейін жүргізілуі қажет. Корнавируспен ауырған адамның антиденелер титрі жоғары болса және ұзақ уақыт сақталса, вакцина салудың қажеті жоқ. Ал егер антидене титрі уақыт өте келе төмендесе немесе 4-6 айда  нөлге дейін түссе,  онда иммундау мәселесі туындауы мүмкін.                                                                                Індеттің алдын алу үшін,  ауданымызда  жаппай вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде.  Қатерлі дертке қарсы   3     наурыздан бастап  вакцинацияның бірінші кезеңінде медицина қызметкерлеріне  екпе жасалуда. Вакцинация препаратының  келіп   түсуіне          байланысты кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда.                                                                                                        Бірінші кезеңде жұқпалы аурулар бөлімінің медицина қызметкерлері, жедел медициналық көмек, реанимация, МСАК, қабылдау бөлімінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет мамандары енгізілді.                                                                                                                                             Екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, оқу орындарының педагогтары, ІІБ қызметкерлері, әскери қарулы қүш қызметкерлері қамтылды.  Бұдан басқа, студенттер, басқа мекеме қызметкерлері, халықтың қосымша осал  топтары жоспарланып отыр.                           Осы уақытқа дейін ешқандай қарсы реакциялар ешкімде болған жоқ, ия дене  қызуы  көтерілген, салынған  жердің  қышуы,ісуі,қызару деген сияқты  т.б жағдайлар  болды, ол болады қандай вакцина болмасын одан қорқып, үрейленудің  қажеті жоқ. Сондықтан  бірінші кезекте  созылмалы ауруы бар, жүрек қан  тамыры жүйесінде сырқаты бар адамдар  екпе қабылдаулары керек. Өйткені коронавирус аталған ауруларды қоздырып жібереді.                                                                                                               Вакцинациялау  кезеңі 2 компоненттен өтеді. I- компонент салынғаннан соң 21 күннен  кейін  2-сі (ревакцинациялау) егіледі.  Бүгінгі  күнге  дейін  I-компонент  бойынша 2210, оның ішінде  II-компонент бойынша 485 адамға салынды. Екпе ұжымдық имунитетті қалыптастырады. Екпені жасатуымыз керек. Бұдан  қорқатын  қауіп  жоқ. Жаппай екпеден бас тарту дұрыс емес, талай жұқпалы аурулар екпенің арқасында жойылған, мысалы: көкжөтел, ВГ «А», табиғи шешек, балалар арасындағы ВГ «В», дифтерия, полимилит.                                                    Әлем халқы пандемиядан  құтылудың жалғыз жолы вакцинациялау екенін түсініп отыр. Тегін  медициналық көмектің  кепілдік берілген көлемі аясында қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы екпе салу тегін  жүргізіледі. Індетпен бірге күресейік. Сақтық шараларын сақтап, өз  денсаулығымызды  күтейік. 

Гүлмира  Оразбақова, 

ШЖҚ «Панфилов көпсалалы ауданаралық ауруханасы» КМК   СӨСҚБ валеолог.