Жетісу облысында 230 гектар жер кенеге қарсы өңделеді

2023-04-11


          Кене энцефиалиті вирустармен шақырылатын, бас миының және жұлынның зақымдалуымен өтетін табиғи-ошақтық ауру. Жетісу облысының Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары кене энцефалитінен эндемиялық аймақтарға жатады. Жетісу облысы бойынша жыл сайын кене энцефалитінің 4-5 жағдайы тіркеледі. Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында облысты кенелерден тазартуға байланысты Жетісу облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов пен Талдықорған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқарамасының  басшысы Сәкен Мелдебаев айтып берді.

              «Сырқаттанушылықтың  маусымдылық  кезеңі наурыз-қазан айлары аралығына келеді. Аурудың алдын алу мақсатында сәуір айынан бастап кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Жетісу облысында биыл 230 гектар жер кенеге қарсы өңделеді. Бұл жұмыстар Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларын қамтиды.
                 Ұлттық сараптама орталығымен өңдеуге арналған 230 литр «Фаворит» дәрісі жеткізіліп, барлық аудан, қалаға таратылды. Өңдеу жұмыстары Алакөл, Ескелді аудандарында басталды», – деді Ерғали Жақсыбекұлы.
Кене энцефалитінің эпидемиологиялық маусымдылық кезеңінің басталуына байланысты апталық мониторинг енгізіліп, жүргізілуде. 1-ші апталық мониторингке сәйкес, облыс бойынша кене шағумен медициналық көмекке 35 адам жүгінген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар  46 пайыз. Былтырғы жылмен салыстырғанда, кене шағумен медициналық көмекке жүгінген адам саны 9 жағдайға жоғарылаған.
                «13-14 сәуір күні Талдықорған қаласының Ардагерлер паркінде дезинсекциялық препараттын қолдану арқылы жүргізіледі.  Қайта өндеу жұмыстары мамыр айында өткізіледі. 2023 жылы наурыз айында басқарма мамандарымен 200 дана  кене  жиналып, ұлттық сараптама орталығының аса қауіпті зертханасына жіберілді. Кенелерді конго-қырым безгекке, кене энцефалитіне және туляремияға сырқаттанушылығына  зерттеу жүргізетін болады», – деді Сәкен Жамбылұлы.
             Мамандар тұрғындар арасында кене энцефалитімен сырқаттанушылықтың алдын алу мақсатында табиғатқа шығу, саябақтарда серуендеу және аумақты жинау кезінде  сақтық  шараларын  ұстануға шақырады.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4729930