Талдықорғанда өкпе ауруларын емдеу орталығында қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды

2024-04-22

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы бастау алды. Бүгін Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен өңірдегі медицина қызметкерлері эко-акцияға атсалысып, Талдықорған қаласындағы фтизиопульмонология орталығының аумағына қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызды.

Қылқан жапырақты ағаштар адам денсуалығына өте пайдалы, әсіресе, өкпе ауруларына шалдыққан жандарға табиғи антибиотик ретінде әсер етеді. Аталған шара облыстық перинаталды орталықта да жалғасын тапты.