ҚР Денсаулық сақтау Кодексіне өзгерістер енгізілді

2024-07-19


 

Соңғы жылдары Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламат-тылығы саласындағы субъектілердің қызметін бақылау мен қадағалауға қатысты бірқатар шешім қабылданды. Мемлекет Басшысы ҚР Денсаулық сақтау Кодексіндегі өзгерістерге 8 маусымда қол қойды. Бұл туралы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов мәлімдеді.


«Заңда бизнестің, оның ішінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметін реттейтін қолданыстағы Кодекстер мен Заңдарға өзгерістер енгізілді. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жүргізу тәртібі Үкіметте келісілуде, бақылау сатып алуды жүргізу тәртібі, сондай-ақ тексеру парақтарында көзделген жедел ден қою шараларын қабылдау тәртібі күшіне енді. 2024 жылдың 2 жартыжылдығынан бастап жедел ден қою шараларын қолдану, тергеп-тексеру жүргізу, өнімді бақылау және мемлекеттік тіркеуге жататын өнімдерінің жарнамасын бақылау тәртібіне жаңа талаптарды қабылдау жаңалық болды», - деп түсіндірді спикер.
Бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада, өнімді бақылау мақсатында сатып алу, тергеп-тексеру нәтижелері туралы актілерде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарда көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

 


 

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4729119