Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мерзімінің ауыстырылуы туралы

 Қазақстан Республикасының Парламенті 2020 жылға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсетуді кейінге қалдыру туралы өзгертулер қабылдады. Құжаттар Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға жіберілді.

 

Біріншіден - жұмыс берушілер үшін МСҚ-на аударатын аударымдар мөлшері өзгермейді: 2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%.

Қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының иелері жарнаны осы тәртіп бойынша төлейді.

                Екіншіден - жеке тұлғалар – жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылады.

Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде табыс табатын тұлғалар төлейтін жарна мөлшері төмендетілді. Олар 2020 жылдан бастап табыстың 1 пайызы, 2021 жылдан бастап 2 пайызы көлемінде жарна төлейді. 2018-2019 жылдары олардың табысынан жарна ұсталмайды.

                Үшіншіден - жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдары ЖК ретінде өзі үшін жарна аудармайды. Бірақ қарамағындағы қызметкерлер үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударуды тоқтатпайды (2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%).

Жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлердің жалақысынан 2020 жылы 1%, 2021 жылдан бастап 2% ұстап, Қорға аударады.

Мемлекет жекелеген санаттағы азаматтар үшін жарнаны 2020 жылдан бастап аударады. Аударылатын жарна мөлшері оған дейінгі екі жылға бекітілген орташа айлық жалақының 4 пайызын құрамақ («Міндетті медициналық сақтандыру туралы» заңның 26 бабы 2,3 тармақтары).

Жоғарыда көрсетілген санаттарға жатпайтын тұлғалар бір ЕТЖ (ең төменгі жалақының) 5 пайызын төлеп, сақтандыру жүйесіне қосыла алады.

Жалпы тәртіптегі жеке кәсіпкер – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңның 30-бабы 6-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлер 2017 жылы шілде-желтоқсан айлары үшін жарна аударады. Жарна келесі айдың 25-нен кешіктірілмей төленуі тиіс. Яғни, 2017 жылдың желтоқсаны үшін жарнаны 2018 жылдың қаңтарында төлеуге болады (2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылған).

Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін пайдаланатын жеке кәсіпкерлер – 2017 жылдың шілде-желтоқсан айлары үшін. Жеңілдетілген декларация ҚР салық органдарына салықтық есеп беретін кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-нен, ал, салықтар есеп беретін кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірілмей өткізіледі. Сондықтан соңғы төлем 2018 жылдың 25 ақпанынан кешіктірілмей төленуі тиіс (2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылған).

                ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева сақтандырудың басталуына байланысты бұрынырақ түсіндірді: «Арадағы екі жыл ішінде үкімет «өзін-өзі жұмыспен қамтушы» санатына жататын азаматтардың мәселесін шешіп алмақ. Алдын ала жасалған есеп бойынша қазір олардың саны – 2,7 млн адам».

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қызметін мемлекеттік монополияға жатқызу ұсынылады. Ал 2018 жылдың 1 қаңтарынан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры  тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің операторы және медициналық қызметтердің бірыңғай төлеушісі болады.

 

М.Клян

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

 КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының

Халықты ақпараттандыру және өтініштерді

қарастыру бөлімінің сарапшысы.

 

Күнтізбе

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net