Денсаулық» медициналық пойызы Алматы облысындағы жұмысын аяқтады

http://turizm-hit.ru/
20 желтоқсанда «Денсаулық» медициналық пойызы Жетіген бекетінде биылғы ең соңғы жұмыс аялдамасын жасады.
35 күнде 7876 адам олардың ішінде 291 бала әртүрлі ауруын анықтау үшін тиісті тегін тексеруден өтті. Науқастарға алғашқы көмек көрсетіліп, кәсіби кеңес берілді, стоматологиялық жәрдем жасалып, жақын жердегі медицина орталықтарында ары қарай емделуге жолдама берілді. Алматы облысының 966 тұрғынына стоматологиялық көмек көрсетілді.
Осы аймақта жұмыс істеген уақытында дәрігерлер науқастарды 33851 рет қабылдап, 8845 диагностикалық іс-шара жасалды, олардың қатарында ультрадыбыстық зерттеу, рентгенография және ЭКГ бар. Сондай-ақ маммологтар 1928  науқасты қарады.
«Денсаулық» медициналық пойызы осы аймақтағы жұмысын 15 қарашада Қопа бекетінен бастады.  Осы өңірде жұмыс істеген уақытында келесі бекеттердің тұрғындары дәрігерлердің көмегіне жүгіне алды, олар: Қопа, Достық, Жайпақ, Бескөл, Ақтоғай, Лепсі, Матай, Егінсу, Көксу, Айнабұлақ, Малайсары, Жоламан, Дала, Қосқұдық, Іле, Алтынкөл, Құндызды, Тасқарасу, Шелек, Жетіген.
Бір жыл жұмыс істеген уақытында медпойыз шалғайда жатқан бекетердің 42719 тұрғынына медициналық қызмет көрсетті. Пойыз Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары арқылы жүріп өтті. Медицина бригадаларында «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ-ның облыстық филиалдарының 82-ден астам бірінші және жоғары санаттағы дәрігері мен көмекші персоналы (мейірбикелер, бағдарламашылар, операторлар), «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның аймақтық бөлімшелері, «Қазпошта» АҚ және ҚР Ішкі істер министрлігінің аймақтық басқару органдары еңбек етті.
 «Алматы облысындағы 20 бекеттің тұрғынына «Денсаулық» пойызы көмек көрсетті. Тұрғындар кезекке тұрып, жеке куәлігі болса, толық тексеріліп, кеңестік-диагностикалық көмек ала алды. Медицина пойызы Алматы облысында болған уақытында мамандарымыз тұрғындардың әртүрлі ауруларын анықтады, атап айтсақ: невропатолог белгілерді талдай отырып, остеохондроз ауруын жиі тапса, көзі нашар көретін көптеген жандар окулистке көрініп жатты, сонымен қатар әр екінші науқаста миопия, зоб, аурулары, сондай-ақ дерматит, фарингит және басқа аурулар анықталды. Диагностикалық іс-шараларды, соның ішінде УДЗ-ны орындау барысында өт жолы мен несеп жолында тас жиналу байқалып, ФГДС кезінде үш рет қатерлі ісік күмәні анықталды, науқастың кеуде тұсы ауырған соң ЭКГ жасалып, шұғыл көмек көрсетілді. Осы мерзімде балаларға суық тию де көп байқалды. Ауруларына сай, тиісті заманауи диагностикалық-емдеу шаралары жүргізілді», - деп пойыздың бас дәрігері Владимир Назаренко пікір білдірді.   
«Медициналық құрамның 8 вагонында науқастарды толық тексеруге, шағын амбулаториялық оталарды жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және олар зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған, сонымен қатар персоналдың жайлы жүріп-тұруына толық жағдай жасалған. Медицина бригадасының құрамында келесі мамандықтар бойынша бірінші және жоғары санаттағы дәрігерлері бар, олар: терапевт, педиатр, кардиолог, офтальмолог, невропатолог, гинеколог, хирург, тіс дәрігері, рентгенолог және арнайы шақырылған УДЗ диагностикасы, ФГДС дәрігері мен терапевт-дәрігер. Жазда және жылы айларда медицина пойызы жұмыс істеген уақытта балаларға арналған ойын-сауық алаңы болды.
Пойыздағы дәрігерлер кабинетінің жұмыс уақыты – 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыссыз, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Дәрігерлердің барлық емдеу шарасы мен кеңесі тегін.
«Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» пойыздарының жүретін бағытымен толығырақ  www.medpoezd.kz сайтында танысуға болады.
 Жобаны жүзеге асырушылар:  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аймақтық басқару органдарының қолдауымен.
Жоба жаңалықтары, баратын бағыттары, фото- және видео-материалдарwww.medpoezd.kz сайтында.
Жобаның Facebook желісіндегі ресми парақшасы -https://www.facebook.com/medpoezd/,
Instagram - @medpoezd.kz
Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 76 98 56, 76 90 19, +7 701 526 3050, e-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
 Анықтама:
Мамандандырылған медицина пойыздары – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арасында 2010 жылы 9 наурызда жасалған, медициналық қамсыздандыру мәселелерінде өзара жұмыс істеу туралы меморандум аясында жүзеге асырылған жоба. 
«Денсаулық» пойызы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі болды, сондай-ақ 2010 жылы «Қазақстандағы Жыл таңдауы №1» халықаралық фестивалінде Қазақстандағы үздік әлеуметтік-жауапкершілік жобасы атанды.