Келісім-шарттар жасалды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы  2018 жылғы қаңтар айының алғашқы күндерінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде медициналық ұйымдармен медициналық қызметтерді сатып алу туралы келісім-шарттар жасасты.

 

                Денсаулық сақтау субъектілерін таңдау және олардың арасында медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру үшін қор жыл сайын республикалық комиссияны, өңірлік комиссияны құрады.

                Республика және облыс көлемінде медициналық қызметті сатып алу бойынша Қормен бекітілген комиссия жұмыс атқаруда.

                Комиссия құрамы Қордың басқармасының шешімімен бекітілген.

Алматы облысы бойынша комиссияның құрамын Қордың филиалының өкілдері, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сонымен қатар медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар мен денсаулық сақтау субъектілерінің мүддесін білдіретін үкіметтік емес ұйым медицина қызметкерлерінің кәсіподақ өкілі құрайды.

                Медициналық қызметтерді сатып алу көлемін бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен 2018 жылға Алматы облысы бойынша 82 медициналық ұйыммен келісім жасауға шешім қабылданды, оның 53-і мемлекеттік, ал 29-і жеке-меншік.        

                Келісім-шарттар жоспарланған медициналық көмектің көлеміне өтінім берген ұйымдармен және заңнаманың белгіленген талаптарына сәйкес танылған ұйымдармен жасалды.

                Біріншіден, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, шұғыл медициналық көмек көрсету және басқа да басым бағыттар бойынша келісім-шарттар жасалады.

                2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қор ТМККК аясында көрсетілетін медициналық қызметтерге ақы төлейтін бірыңғай төлеуші ретінде іске кіріседі. Бұл медициналық қызметтерді жоспарлау, сатып алу, сапасын бақылау және ақы төлеу тетіктерін жан-жақты ойластырып, іске қосуға, сондай-ақ төлемдік ақпараттық жүйелер мен жаңа тарифтік саясат енгізу жұмыстарын реттеуге мүмкіндік береді.  Аталған шаралар Қордың 2020 жылдың 1 қаңтарынан МӘМС жағдайында жұмыс істеуге толық дайындығын қамтамасыз етеді. 

                Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы  2017 жылдың 4 қыркүйегінде Парламент палаталарының бірлескен отырысында денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың дәлелденген прогрессивті жүйесі ретінде, медициналық сақтандыруды енгізу қажеттілігін айта келе, ҚР Үкіметіне МӘМС жүйесіне барлық санаттағы азаматтардың тең құқықта қатысуын қамтамасыз етуді,  медициналық көмекке қолжетімділік және «өзін-өзі қамтамасыз ету» санатындағылардың мәселелерімен айналысуды тапсырды. Ресми мәліметтер бойынша, бүгінде Қазақстанда 2,7 миллион шамасында бейресми қамтылған азаматтар бар екен, олардан салық және әлеуметтік төлемдер түспейді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2018-2019 жылдар ішінде азаматтардың барлық санаттарын анықтап, «цифрландырып», бірыңғай дерек қорына енгізу, нәтижесіз өзін-өзі қамтамасыз етуші тұрғындарды есепке алып, оларды еліміз экономикасына, сәйкесінше МӘМС жүйесіне тарту жұмыстары жүргізіледі.

Тұрғындардың медициналық көмекке деген қажеттілігі өсіп жатқан жағдайда әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу денсаулық сақтау саласын дамытуға қосымша ресурстар тартуға, бюджет шығындарын азайтуға, сондай-ақ қаржы тәуекелдерін сақтандыру тетіктері арқылы тұрғындардың сырқат түріне қарай жеке төлем жасауын азайтуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

М.Клян

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

 КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының

Халықты ақпараттандыру және өтініштерді

қарастыру бөлімінің сарапшысы.

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net