Азаматтарды емханаға ХҚКО арқылы тіркеуге мүмкіндік тумақ

 

Жетілдірілген тіркеу қызметі 2018 жылдың 3-4-тоқсанында пайдалануға берілмек.  Нәтижесінде қазақстандықтар емханаға ХҚКО арқылы тіркеліп, қай жерде тіркелгені туралы мәліметті де сол орталықтардан алатын болады. Қазіргі таңда бұл қызметтер онлайн режимінде - egov.kz порталы арқылы, оффлайн режимінде - емханаларда көрсетіледі.

 

                «Өткен жылы Қор тұңғыш рет медициналық қызметтерді жеткізушілермен, соның ішінде емханалармен жұмыс істеуге кіріскен болатын. Олармен бекітілетін келісімшарт сомасы тіркелген тұрғындар саны сынды тағы да басқа бірқатар факторларға тәуелді. Жыл басынан бері бізге кейбір емдеу мекемелерінің азаматтар атынан тіркеу жөнінде жалған өтініш жазып, оларды өздеріне тіркегені туралы, сондай-ақ, тіркеуден ешбір негізсіз бас тарту фактілері туралы шағымдар түсті. Қазір біздің мамандар осындай шағымдар негізінде жан-жақты жұмыс істеп жатыр. Алайда, мәселені түбегейлі шешу үшін азаматтардың құжаттарын қабылдау тәртібін өзгертіп, процесті емханалардың тіркеу бөлімі қызметкерлерінің қатысуынсыз ұйымдастыру керек. Сондықтан біз қазір аталған қызметті ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер реестріне енгізу туралы ұсыныс дайындап жатырмыз» - бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Елена Бахмутова мәлімдеді.

 

М.Клян

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

 КЕАҚ Алматы облысы

бойынша филиалының

Халықты ақпараттандыру

және өтініштерді

қарастыру бөлімінің

сарапшысы

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4130339