Ақ халатты абзал жандар

Дәрігер сырқатты жанның дертіне дауа, еміне шипа іздеп шарқ ұрып, азаматтардың саулығы үшін аянбай тер төгетін аяулы да жауапкершілігі мол кәсіп  иесі. Осынау ардақты мамандықты меңгеріп,  ғұмырын денсаулық саласына арнаған жандарды қалай мақтасақ та жарасады.

 

                Күнделікті бетпе-бет келетін қиындыққа, Гиппократ антына лайықты қызмет етуге күн-түн демей дайын жүру     басты міндет екендігі  осы саланың қырағы сақшыларына айналған Ерболат Бегімбеков, Марат Абубакриев, Ақыл Имадиев, Жомарт Нұраханов секілді ақ халатты абзал  жандардың  жылдар бойы жинаған тәжірибесінен байқалады.

                Жылы сөз жан жарасын емдейді дейді. Басымыз ауырып,  балтырымыз сыздаса да ақ халатты абзал  дәрігерге  барамыз.Сондықтан да аудандық аурухананың   хирургтары  Марат Абдримұлына, Ақыл  Исатайұлына, Жомарт Нұрахановқа, аға мейірбике Бұлбұл Табылдиева, мейірбике Гузель Азизова мен  Мархаба Айтбаеваларға үлкен аналық алғысымды  білдіремін.

                Мен Жаркент қаласында тұрамын. 2014 жылдан бері емделіп келе жатырмын. Жақында 2 мамыр мен 18 мамыр аралығында емделуге келген едім. Бірінші Алланың, екінші ақ халатты абзал жандардың арқасында емделіп шықтым. Ауруханада тәртіп, тазалық, дәрігерлер мен медбикелердің аурулармен  ізеттілікпен, мейірбандықпен жылы сөйлесуі олардың өте жоғары адамгершілікті  жандар  екендіктерін көрсетеді. Ұлы Абай атамыз айтқандай: «Адамға адамгершіліктің қалыптасуы  ұстаздан»,-деген. Яғни, Төлеу Сарпеков мырзаның жоғары деңгейде талап қоюының жемісін, Абай  атамыздың   қағидасын берік ұстануы деп білемін.

     Емдеуші дәрігерлер М.Абубакриев, А.Имадиев, Ж.Нұраханов,аға мейірбике Б.Табылдиеваға, медбике Гузель Азизова мен медбике  М.Айтбаеваға және осы емдеу мекемесінде қызмет ететін өзге де қызметкерлерге үлкен ризашылығымды жеткіземін. «Дәрі  тән жарасын, жылы сөз жан жарасын емдейді» деген қанатты сөздің растығына осы ұжым мүшелерінің  қызметінен  кейін  көз  жеткіздім.

Бағдат  Оразова,

Жаркент  қаласы.

Күнтізбе

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net