МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ЖОҒАРЫ

«Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» бір бағыты – «Аурулардың сыртқы белгілерін, сылап-сипап қою емес, оларды жүйелі емдеу» болып есептелетін қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертудің негізін қалау. Бұл жоспардағы 80-қадам – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу» болып табылады.

 

                Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін әлемнің көптеген елдері қолданады. Ал біздің еліміз бұл жүйені  былтырғы жылдың шілде айынан бастап енгізген болатын. Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі. Негізінде медициналық сақтандырудың екі түрі бар. Олар міндетті және ерікті медициналық сақтандыру.

                Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде жұмыс істейтін адамдар үшін кәсіпорындар төлейтін болса, ал жұмыс істемейтіндерге, мәселен, балалар, зейнеткерлер, мүгедектерге мемлекет қолдау көрсететін болады. Мамандардың айтуынша бұл жүйенің тиімділігі жоғары. Жүйенің ең тиімді тұсы – адамдардың өз денсаулықтарына деген жауапкершіліктері артады және еліміздегі денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыс сапасын жақсартады.

 

А.Кудерова

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net