Қауіпті менингококк

Менингококктық эпидемия жағдайын ескере отырып,  облыстық денсаулық сақтау басқармасының 01.06.2018 жылғы № 190-Н бұйрығы негізінде Талғар және Іле аудандық орталық ауруханаларында жұқпалы ауруларға арнайы қосымша жатын орындар (10 кереует) белгіленді.

 

                Талдықорған және Қаскелең қалаларындағы аумақтық жұқпалы аурулар ауруханаларының қабылдау бөлімдерінде менигококкты инфекцияға күдігі бар науқастарға қосымша дәрігерлік бекеттер ашылды (бір-бірден). Одан басқа, Талдықорған қаласындағы аумақтық жұқпалы аурулар ауруханасына түсетін науқастар бойынша  әлеуметтік  шиеленістің  алдын алу үшін психологтардың күштерімен (2 адам) 2 қалалық емханаларда кеңес беру ұйымдастырылуда.

                Қаскелең  қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жақын елді-мекендегі 2 психолог өз жұмыстарын атқаруда. Күнделікті жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне менингикоккты инфекцияға күдікті 80 науқас жеткізілуде. Бүгінгі күні облыс бойынша менингиттің салдарынан 4 өлім жағдайы тіркелсе, оның ішінде, 3 ересек адам және 1 кәмелетке толмаған бала.

                Денсаулық сақтау басқармасының шақыруына сәйкес Қарағанды мемлекеттік медицина универститетінің проректоры Б.Көшерованың басшылығымен бүгінгі күні облыс аумағында бір топ мамандар (Ересек және кәмелетке толмаған балаларға қатысты жұқпалы ауруларды емдейтін дәрігерлер, эпидемиологтар) өз жұмыстарын атқаруда. Бұл мамандар аумақтық денсаулық саласына                           ұйымдастырушылық-методикалық және тәжірибелік көмек көрсету  үшін  шақырылды.

                Облыста осы  ауруды  тіркеу бойынша жедел алдын алу жұмыстары жүргізіліп, қосымша кереуеттер орнатылуда және жұқпалы аурулар стационарларында қосымша дәрігерлік  бекеттер ұйымдастырылуда. Менингит ауруын сезген  жағдайда  медициналық  қызметкерлердің  алдын ала алгоритмінің  іс-әрекеттері  нақтыланды.

                Клиника, менингококктық жұқпалу ауруын емдеу және диагностика жасау мәселелері бойынша  облыстың барлық медициналық ұйымдарында оқыту семинарлары өткізілді.

                Медициналық ұйымдар, жедел жәрдем және шұғыл көмек бекеттерінде қажетті дәрі – дәрмектер қамдасы толықтай бар екендігін атап айту қажет.

 

 

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net