Азаматтардың денсаулығы қадағаланады

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру  қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамдығы медициналық ұйымдарда медициналық қызмет көрсету бойынша бірыңғай стратегиялық сатып алушы болып табылады.

 

Сатып алудың конкурстық негізде жүзеге асырылатыны, қорға тәжірибелі көмек көрсете білетін білікті мамандар және тиісті ресурстық жағдаймен қамтамасыз етілген ең  үздік мемлекеттік және жекеменшік ауруханаларды таңдауға үлкен мүмкіндік береді. Жыл басында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік  қоғамдығының Алматы облысындағы филиалы тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында медициналық

қызметтерді көрсету бойынша 78 медициналық мекемелермен (оның ішінде, 29 жекеменшік және

49 мемлекеттік) келісім-шарт жасады. Жалпы 125  келісім-шартқа қол қойылды. Алматы облысындағы филиалы тарапы-

нан медициналық қызметтердің көлемі мен сапасы бойынша шарттық міндеттемелер, сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 29 наурыздағы бекітілген бұйрықтың «Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу туралы» №138 Ережесінде көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын келісім-шарттың орындалуы бойынша мониторинг жүргізіледі. Денсаулық саласының жаңа қаржыландыру сақтау жүйесі мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдар арасында медициналық қызметтің сапасын көтеретін бәсекелестік нарық

құруға мүмкіндік береді.

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» коммерциялық емес

акционерлік қоғамдығының

Алматы облысы филиалы.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4130569