Денсаулық сақтау саласын дамыту

   Еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру Мемлекет басшысының тапсырмасына сай қолға алынған Ұлт жоспары - бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамның» 80-қадамына байланысты Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізіліп отыр.

 

                Міндетті медициналық сақтандыруды екіге бөліп қарастырар болсақ, оның біріншісі-негізгі сақтандыру түрі. Бұл сақтандыру түріне мемлекеттік бюджеттен тегін көрсетілетін  медициналық қызметтер кіреді.                Ол еліміздің барлық азаматтарына қолжетімді болады. Мемлекет өз міндетіне медициналық қызметтердің бірнеше түрін алады.

                Ал екінші түрі - міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында қаржыландырылатын сақтандыру.  Бұл негізгі сақтандыруға кірмеген басқа да медициналық қызмет түрін қамтитын сақтандыру. Оған амбулаторлық-емханалық көмектер, жоғары технологиялық көмектер кіреді.

                Сақтандырудың  осы түрі міндетті сақтандыру жүйесіне тіркелген азаматтар  үшін  қолжетімді  болады.

(Өз  тілшіміз).

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4131394