Балғын боксшылар биіктен көрінді

2016 жылддың қаңтарынан бастап жұмыс жүргізіп келе жатқан қаламыздағы №2 спорт мектебінде директоры Қуат Иманханов 860-қа жуық жасөспірім спорттың сегіз түрімен айналысады.

    «Туған жерге туыңды тік» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жуырда Іле ауданындағы Күрті ауылдық округінде жасөспірімдер арасында бокстан біріншілік өтті. Бұл дүбірлі бәсеке белгілі қаламгер, жаспоз журналист Сәдуақас Бигелдіұлын еске түсіруге арналды.
Осы бәсекеде бағын сынаған ауданымыздың балғын боксышлары жеңістің биік тұғырынан көрінді. Олардың
шеберліктерін шыңдауда бапкерлер: Қабанбай Биғожа мен Жомарт Садықовтың да еңбектері зор. Төменде командалық және жекелей есепте жүлдегер атанған жас боксшылардың тізімі жариялап отырмыз. Бірінші орын алғандар: (алтын медаль) Тұрсын Жәнібек, Имиров Диляр, Нұрахмет Дарын, Қаса Арман, Әлімхан Аян, Қожан Сұңқар, Бекзат Талғатұлы. Екінші орынды (күміс медаль) иеленгендер: Ислам Исмайылов, әділха Сайтахын, Еркебұлан Нұрғазы, Бахтияр Рахыбай, Бекарыс Қаһарман, Мөлдір Иманбаева, Тоқтар Мұқанов; Үшінші орын (қола медаль) иегерлері: Ислам Тұрсын, Еркебұлан Құрманғазы, Ернұр Қарауов.  Ал осы біріншілікті ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін спорт жанашыры Руслан Макежанов Күрті ауылдық округі әкімінің Мадақтамасымен марапатталды.

М.СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ.