Ұлылықтың басында ұстаз тұрар

Ағымдағы жылдың 28 қарашасы Білім және ғылым қызметкерлері Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің жанынан құрылған педагогикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Солтанаевтың қатысуымен Жамбыл атындағы орта мектепте «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» атты кездесу кеші өтті.

    Шараға Ақжазық ауылындағы Жамбыл орта мектебінің ардагер ұстаздары, Көктал ауылдық округі әкімшілігінің мамандары, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты.

    Шара барысында мектепте ұзақ жылдар бойы қызмет еткен ардагер ұстаздардың өнегелі өмір жолы таныстырылып, слайд көрсетілді. Ал ауыл өнерпаздары мен мектеп ұжымы зейнеткер ұстаздарға арналған концерттік бағдарламасын ұсынды.

    Құттықтау сөз кезегін алған Жамбыл атындағы орта мектептің директоры Гүлбану Нұрсапақызы,  аудандық кәсіподақ комитеті жанындағы педагог ардагерлер кеңесінің төрағасы Молот Мұсаұлы шараның өтуіне мұрындық болған Көктал ауылдық округіндегі қоғамдастық кеңесінің мүшесі Ибрагим Қарабалаевқа алғысын білдірді.

Кенжебек Жансая,

Білім және ғылым қызметкерлері

 Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің маманы.