«Бір түп алма ағашы» - Өмірдің өзі

18.12.2019ж

20 желтоқсан күні, 19:00-де Бикен Римова атындағы облыстық драма театрында атымтай жомарт азаматтың атынан «Бір түп алма ағашы» атты қайырымдылық спектаклі көрерменге ұсынылмақ. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында баяндалды.

 

Облыстық театрдың репертуарындағы аталған қойылым 10 жыл бойы сахна төрінен түспеген. Спектаклдің авторы Әлімбек Оразбеков болса, қоюшы режиссері Мұрат Ахманов.

«Бұл спектакльде отбасында кездесетін жағдаяттар көрсетіледі. Ананың тағдыры, бауырлар арасындағы қарым-қатынас барлы осында айтылады. Көзі қарақты көрермен ішінен өзіне керекгін іліп алады деп ойлаймын. Осы уақытқа дейін ел назарына ұсынып жүрген шығарманың көпке берері мол, тағылымы терең»,- дейді Бикен Римова атныдағы облыстық драма театрының директоры  Ғалия Темербаева .

Туынды да баяндалған оқиға шынайы өмірде орын алған. Шағын мемлекеттің керегесінің кең, шаңырағының биік болуы өзара ынтымақтастықта екенін көпке түсіндіру үшін аталған жағдайды автор қағазға түсіріп, сахнаға ыңғайлаған. Бұл отбасының түптеп келгенде тұтас отанның тыныштығы мен берекесін сақтап қалуға ықпала ететін шығарма.

Қайырымдылық спектаклін ұйымдастырып, қоғамның рухани байлыққа кенелуіне мұрындық болған Талғат Ахметұлы. Көңілі дархан, ниеті таза жан бұған дейін туған жері Шоқан ауылында осы спектаклді өз қаражаты есебінен қойдыртқан. Ол дегеніміз, ұлтына деген ұлының жанының ашуы, отбасы құндылықтарын құнттауға шақыруы.

Күтімсіз гүл де солады, ағаш та қурайды. Адам да солай... Береке-бірлік болмаса отбасында жүректің жылуы қайдан болсын?! Осы және өзге де сауалдардың жауабы сахнада көрсетілмек Көкірегі ояу жанға кәдеге жара кеңес қойылым болары сөзсіз. «Бір түп алма ағашы» драмасы талай тағдырды сыйпаттап, сан  адамның санасына сәуле беретін шығарма болары анық.