Жас дарындар анықталды

07.02.2020ж

Жуырда  ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойына орай, республикалық «Өрлеу» порталының ұйымдастыруымен «Абай – дана, Абай – дара қазақта» шығармашылық байқауы өтті.

Осы байқауға қатысып ақын өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқуда озат шапқаны үшін Жерұйық ауылындағы Нағарашы орта мектебінің 6-сынып оқушысы   Диас Дәлелханұлы марапатталды. Ол дарынды және таланттыларға арналған орталықтың «Жас дарын» төсбелгісіне ие болды.

       Мектепте өткен лездемеде мектеп директоры Айшолпан Жапарқызы Диасты республика деңгейіндегі жеңісімен құттықтап, оны айтулы байқауға дайындаған сынып жетекшісі  Тоғжан Қасқарбаеваға алғысын білдірді.

       Бұл Диастың алғашқы жеңісі емес, бұған дейінгі жеткен жетістіктері де ауыз толтырарлықтай. алғыр  сыныптасымыздың  алдағы уақытта да талай биіктерді бағындыратынына сеніміміз кәміл.

Нағарашы орта

 мектебінің  6-сынып

 оқушылары.