Ұлы ақын мұрасы ұлықталды

14.02.2020ж

Жуырда   Жаркент  жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің мәжіліс  залында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай семинар-кеңес өтті. Шараға студент жастар мен ата-аналар, округ әкімдері, оқытушылар және  арнайы шақырылған азаматтар қатысты.

 

                Семинарда осы оқу орнының оқытушысы Р.Қожабергенова баяндама жасады. Шара барысында сахнада студенттердің  орындауында Абай өлеңдері жатқа айтылды. Сондай-ақ осы оқу орын директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Диханбаева сөз алып, жастар тәрбиесі бойынша өз ойын ортаға салды.

                Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Б.Сауранбаева Абайдың 175 жылдығына байланысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Бүгінгі таңда Абай  шығармаларын, өлеңдері мен қарасөздерінің терең мағынасын студенттер  түсінетінін  баяндады.

                Семинарда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Илипов сөз алып, жастар Абайды оқып, ондағы тәлім тәрбиелік мәні зор ойларды терең түсініп, қоғамымыздың айтулы азаматтары болуына тілектестігін білдірді.

                Семинар-кеңесте жұмыспен қамту, терроризм және экстремизм, құқық қорғау мәселелері де қаралды.

                Семинарды Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Б.Сауранбаева қорытындылады.

Ж.Нұрақынұлы.