Болашақ өз қолыңда!

26.02.2020ж

«Party food» қоғамдық тамақтану орталығының ұйымдастыруымен « Өз өзіңді жаса!» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Шараға қаламыздағы Н.Ә.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі,  Абай атындағы №1 білім ордасымен  №9 мектептің  11 сынып оқушылары қатысты.

 Аталған семинардың басты мақсаты мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауға қатысты кәсіби бағыт-бағдар беру болып табылады.

Өмірдің жол айрығына келген бозбала мен бойжеткен үшін мамандық таңдау жауапты шаруа. Білігі мен білімін тоғыстыратын белгілі арнаны таппай жүрген қыз-жігіттерге тренингтің берері мол.

Семинарды ұйымдастырушы компанияның жанынан құрылған «Бақыт » департаментінің психологтары Талдықорған қаласындағы «Party food» қоғамдық тамақтану орталығының бас ғимаратында жиналған жастармен кәдеге жарар құнды кеңестерімен бөлісті. Түрлі  ойындар ойнату арқылы оқушылардың топпен жұмыс, ұйымдастыру қабілеттерін тексерді. Сонымен қатар, ойын ойнату арқылы ел тізгінін ұстар жандардың қандай салаға бейім екенін анықтауға тырысты. 

Семинардың басты мақсаты түлектерге мамандық тандауға , өздеріне  ұнайтын мамандықты анықтауға көмектесу болып табылады. Осы мақсатымыз аясында бүгін түлектердің басын қосып семинар ұйымдастырдық. Біз жастарға өз қолдауымызды көрсеткіміз келді. Болашақ жастардың қолында   емес пе ?! ,- дейді «Party food» компаниясының бас директоры  Ирина Чен.

 Іс-шара барысында бітіруші түлектер ойларындағы сұрақтарын қойып, қанағаттарлық жауаптарын алды. Семинар өте әсерлі, қызықты өткені оқушылардың жүздерінен байқауға болады. Бұндай игі бастама алдағы уақытта да   жалғасын таппақ.

Анар САБЫРОВА