Халықтың көңілін көтерген

2.8.02.2020ж

Қытымыр қыстың аязынан шаршаған жұртты белгісіз жан бір серпілтті. Талдықорған қаласының орталығында «Мадагаскар» мультфильмнің басты кейіпкері «Алекс»-тің кейіпіне енген бейтаныс жан Облыс орталығының тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлады.

 

Өзге үшін бейтаныс кейіпте қалған жанның аты-жөні Таир Тойгулов. Ол орталық пен оған жақын көшелерде арнайы Алекстің киімін киіп, билеп көрген елдің назарын өзіне аудартып  қоймай, халықты да ерекше әсерге бөледі.  Осылайша ол, жаны мен тәні жауыраған жандарға аз да болса жылулық сыйлай алды.

Талды қала тұрғындары бұндай мульт топтама кейіпкерлерін күнделікті көрмегендіктен таңданыстарының болғаны жүздерінен байқалды.

Креативті идеяны жүзеге асырушы азамат  адамдарды бір сәтке отбасылық, тұрмыстық мәселелердің құрсауынан алып шыққым келді дейді.

«Мен адамдарды таңғалдыруды ұнатамын.  Бұрын соңды болмаған заттарды  жасағанды жаным сүйеді. Менің  бұл мульт кейіпкеріне енуімнің себебі, соңғы уақытта адамдардың көңілсіз, шаршаңқы жүргендерін байқадым. Сол себепті де осы кейіпкерге еніп адамдарға жылулық сыйлай білдім деп ойлаймын»,- деп қысқа қайырды Таир Тойгулов.

Мультфильмдегі  Алексты көрген  тұрғындар  оны жақсы қарсы алып , құшақ жайып суретке түсіп жатты. Қыстың соңғы айлары созылмалы өтіп жатқан соң, қала тұрғындары әсем көктемнің әсерін сезініп, жаңа шабыт  алғандай болды. Жас балалар Алекс кейіпіндегі Таир мызаны  көріп би билеп , суретке түсіп, жүздері жадырап тарқасты.

Айта кетсек, «Алекс», яғни  Таир Тойгулов 8-наурыз қарсаңында  қала халқына тағыда бір тосын сый жасаймын деп уәде берді .

 Гүлжанат Нұрасыл