Тәуелсіздігім-тұғырым

22.07.2020ж

Адамның ең басты  бақыты-еркіндігі, ешкімге тәуелді болмауы. Қай ұлттың да басты бақыты-Тәуелсіздік. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған асыл арманға біз де қол жеткіздік. Келер жылы Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл.

Рухымызды асқақтатқан Тәуелсіздік күні-азаттықтың туын биіктен желбіретуді ұрпағына аманат әрі ұлағат еткен бабалар жолының жалғасы, тарих атты қарт шежіренің қойнауына алтын әріптермен жазылған қастерлі күн.Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Қазақстанның тәуелсзідігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан шешу арқылы қолжеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды, бұл даусыз фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс»,-деп атап көрсетуінде үлкен мән жатыр. Тәуелсіздік-ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-санасының  мызғымас тірегі, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.

            Еркіндіктің мәнін ұғынып, оның ғұмырлы болуына аянбай қызмет ету-бүкіл қазақтың басты парызы.