Баға жетпес құндылығымыз

27.07.2020ж
Еліміз үшін ең ұлы мереке - бұл Тәуелсіздік күні. Сан ғасырлар аңсаған бабалардың асыл мұратының орындалған күні. Бүгінде егеменді ел болып, көк байрағымыз желбіреп, қазақ елінің мәртебесі арта түсті.
Қазақстанды қазір дүниежүзі, тіпті барша әлем таниды, құрметтейді. Кең байтақ жер, Гимн, Ту, Елтаңба және тарих, бұның бәрі егемендігіміздің айқын айғағы.
Тәуелсіздік - біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Еліміздің атын әлемге әйгілі еткен Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Гүлбақыт Қуатова.