«Абай жолы» эпопеясының видеомазмұны жарық көрді

21.08.2020ж

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына видеосаммари жарық көрді. Видеожоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Massaget.kz.» сайтының You Тube арнасында көрермен назарына ұсынылды.


«Абай жолының» қысқаша мазмұны әр тарау бойынша дайындалған. Төрт томдық эпопея барлығы 28 тараудан тұрады. Әр видеосаммаридің ұзақтығы 12-15 минут. Видеосаммари - кітаптың негізгі идеясын, мазмұнын видео түрінде ұсыну.
«Өскелең ұрпаққа Абай жәдігерлерін насихаттап, оның еңбектеріндегі ізгі ойларды дарыту аса маңызды. Біздің бұл жобамыз көрермен көңілінен шығып Абайды тануға себеп болады деп сенеміз»,-дейді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.
«Абай жолы» - әр оқыған сайын өзгеше күйге бөлейтін эпопеялық роман. Шығарма мектеп бағдарламасына да кірген.