Еліміздің бір белгісі

28.08.2020ж

Конституция -  әрбір мемлекеттің бас құжаты. Сондықтан да ол қабылданған күн мереке болып табылады. Негізгі заңсыз бірде-бір ел өмір сүре алмайды.

 

        Еліміздегі үлкен өзгерістер – Конституциямен бірге келген жаңа мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Гимн, Ту. Олар біздің әрқашанда мақтанышымыз. Оны қастерлеу басты міндетіміз.

        «Қасиетті Ту» деп бекер айтылмаған. Ел қорғайтын батырлар жауға  аттанар алдында Ту астында жиналып ант берген. Ел басқарған хандар да сөйткен. Осы дәстүр бүгінге дейін жалғасып келеді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та кезінде Ту астында тұрып ант берген.

        «Туың жығылмасын»,-дейді халық. Тудың жығылғаны-елдің күйрегені. Оның беті аулақ...

        Хандар жауға аттанып бара жатқан ерлерге Туды аманат қып, қолдарына ұстанатын болған. 

        Онысы «Жеңіспен оралыңдар» дегені.  Алыстан желбіреген Ту көрінсе, қарапайым халық қуанысып, бір-бірінен сүйінші сұрайтын болған.

        Иә, Ту - елдің айбары. Ту - елдіктің белгісі, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайсы елге сапар шексе де, көзге ыстық төл Туымыз желбіреп қарсы алады.  Ол – «Қазақстан» деген елдің басшысы келді» деген белгі.