Текелі қаласында амфитеатр бой көтермек

27.10.2020ж

Бүгінде Текелі қаласының орталық саябағында 228 орындық амфитеатр салынып жатыр. Бұл туралы көшпелі баспасөз-мәслихаты барысында Текелі қаласының әкімі Батыр Молдахметов мәлім етті.

 Бүгінде нысанда 25 адам және 3 бірлік арнайы техника жұмыс істейді. Амфитеатр аяқталу сатысында, дайындық деңгейі 97%.

-Бұл жер тұрғындар үшін сүйікті орындардың біріне айналады, болашақта мұнда тұрғындардың бос уақыты үшін іс-шаралар өтеді.  Бөлінген қаражат - 158,7 млн.теңге. Жоба жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылуда, - деді Текелі қаласының әкімі батыр Молдахметов.

-"Асан М Компани" ЖШС мердігерлік компаниясы өкілдерінің айтуынша, бүгінде барлық жұмыстар белсенді қарқынмен жүргізілуде, нысан бекітілген кестеге сәйкес пайдалануға беріледі.