Бәрінен де тәуелсіздік қымбат

05.02.2021ж

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында тәуелсіздіктің қадірі мен құндылығын, оны сақтаудағы бағдар-белестерді айқындап берді.

Президент мемлекетіміздің отыз жылда өткерген белестерін тізгіндеп, олардың әрқайсысы атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұрғанына назар аударды. «Көреген басшы елді өсіреді» демекші, Қазақстанның мемлекет болып керегесінің кеңеюі жолындағы Елбасының дара көшбасшылығының маңызына айрықша тоқталды.
Сонымен қатар мемлекет басшысы соңғы уақытта аумақтық тұтастығымызға күмән келтіріп, тату көршілік қатынастарға сына қаққысы келетін кейбір шетел азаматтарының арандатушылық іс-әрекеттеріне де жауап бере отырып, біздің екі жақты келісімдермен бекітіліп, халықаралық деңгейде танылған шекарамыздың бар екенін баса айтты.
Әр қазақ үшін азаматтарымыздың қаны мен тері тамған бір уыс топырақтың өзі - есебі жоқ байлық. Алайда бұл жерді дұрыс пайдалану, қадірін біліп қастерлеу, шынайы отансүйгіштікті қалыптастыру - кезек күттірмейтін үлкен жұмыс. М.Бектенова.