Әйелдердің саяси өмірдегі үлесі

19.02.2021ж

Қазақстанның саяси өмірінде әйелдердің үлес салмағы Орта Азия елдерімен салыстырғанда алдыңғы орында саналады. Олардың еліміздегі саяси эволюцияға белсенді араласуына және ерлермен қатар ғаламдық сілкіністер жасауына еркін жол ашылған.

Қазір  Үкіметте әйелдер саны едәуір көбейген. Биылғы жылғы Парламент  сайлауында      әйелдердің    саяси белсенділігі айқын көрінді. Елімізде әйелдер жетекшілік ететін кәсіпорындар да жетерлік.

                Әйелдердің саясатқа белсенді ашық араласуы жөнінен еліміздің ханымдары Азия қауымдастығы елдерін локомотив ретінде тартып келеді.

                Қазақстан әйелдері өздерінің қоғам алдындағы міндетін қашанда адал атқарып келеді.

                Әйелдердің саясатпен айналысуы және олардың      саяси жолда жеңіске жетуі өткен ғасырдың соңында көрініс тапты. Әлемнің кез келген үкімет басында  әйелдердің  отыруы  осынау ұғымға  сыймайтын қатаң қағида саналып келді. Бізге кереметтей болып көрінетін Швейцарияның өзінде әйелдер 1971 жылдан бастап  қана Парламенттен орын ала бастаған. Демократия жалауы ерте көтерілді деген Канаданың өзінде  әйелдер өздерінің құқықтары үшін Парламентте ер мен әйелдің тең құқығын танитын конституциялық  заңды әрең дегенде қорғап шықты. Халықаралық  саясатта әйелдердің  билік басына  келуі  мұнымен  шектелмейді. Бұл  жолда шығыстық демократия Батыс әлеміне қашанда үлгі болып келді.

 Бағдат  Бейсенқызы.