Поэзияға жаны құмар оқырман

2023-04-14


 Кітапхана - оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші, білімнің кәусар бұлағы – кітап екені белгілі. Кітап дегеніміз – алдыңғы буынның кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті екені хақ.    

                                                                                    
            Өздеріңізге белгілі биыл  жыл басынан бастап «Шәкәрім оқулары» байқауы жарияланған еді.  Осы байқауға ауданымыздан Әулиеағаш ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы, Әулиеағаш орта мектебінің 5 «а» сынып оқушысы Жүрсін Азитайұлы қатысып, өңірімізге жүлделі орынмен оралды.    
    Байқаудың негізгі мақсаты – Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұраларын насихаттау, туған тілге, көркем әдебиетке, оның ішінде поэзияға деген жас ұрпақтың құштарлығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін ұштап, жетілдіру. Байқаудың бірінші кезеңі ақпан айының 1-і мен 3-ші наурыз аралығында ауыл, аудан, облыс орталықтарында өтіп, әр өңірден бір жолдамадан алған жүлдегерлер 6 наурызда ҚР Ұлттық академиялық кітапхана онлайн ұйымдастырған жартылай финалдан өтті.
    Ал үшінші кезең–ақтық финал Елордада өтіп, 11 үміткер тартысқа түсті.
    Байқаудың тәртібі бойынша үміткерлер Шәкәрімнің 20 өлеңін мәнерлеп жатқа оқып, сонымен қатар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы кез-келген жерінен қойылатын сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, алдыға суырылып шығып Жүрсін Азитайұлы өңірімізге жеңіспен оралды.
      Міне, бүгінде біз үшін осындай мәртебелі жеңіс қоржынымызға бұйырып, наурыз айының 2-сі күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Ұлттық «Оқитын ұлт» және «Әдебиет - ұлт жанының айнасы» атты кітап оқуды дамыту жобалары аясында және  ұлы ақын, ойшыл, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлына 165 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Шәкәрім оқулары» атты облыстық байқауына Әулиеағаш ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы, Әулиеағаш орта мектебінің 5 «а» сынып оқушысы Жүрсін Азитайұлы қатысып, үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі  бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.             
          Сонымен қатар, Жетісу облысы атынан байқауға қатысып отырған Жүрсін Азитай наурыз айының 27-сі күні Астана қаласының ҚР Ұлттық академиялық  кітапханасында өткен республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауында  да өз бағын сынап,  Астананың төрінде өз өнерін паш етіп, жоғары деңгейде де  әділқазы алқаларының көзіне түсіп, оқырмандардың көзайымына айналып,  ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дәуешовтың  ІІІ дәрежелі дипломымен  марапатталды.  Ал осындай білімді оқырман тәрбиелеп отырған мектептің отырған Әулиеағаш ауылдық кітапханасының кітапханашысы  Арай Айтқожаеваны мен     Әулиеағаш орта мектебінің  әдебиет пәнінің ұстазы Изтай Құрманбекұлын «Алғыс хатпен» марапатталды.
              Қос жеңіспен өңірімізде оралған, кітапханамыздың  тұрақты оқырманы Жүрсін Азитайұлын болашақта да осындай биік белестерді бағындырып, тек жүлделі орындарға ие болуын тілейміз.
        Егемен еліміздің ертеңі – бүгінгі жас жеткіншектер. Кітап қадірін білетін оқырмандарымыз көп болсын. Еліміздің болашағы, ертеңі үшін барлық қуат-қайраттарынды оқуға, заман талабына сай терең білім алуға жұмсайық. Өмірде бар нәрсе өзгереді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндалағымыз ешқашан жоғалмай келешек ұрпақ асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін.
    Ұрпағымыз білімді, келешегіміз кемел болсын десек білімге аса ден қоюымыз керек. Кіл мықтылар бақ сынаған бәйгеде жеңіс тұғырынан көрінген жаркенттіктер  мұны кезекті рет дәлелдеп отыр. Көп ішінен суы¬рылып шыққан Жүрсін Азитайұлын жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенім білдіреміз.
  Арай   Айтқожаева.
   Жұлдыз  БЕГІМЖАНОВА,
 Әулиеағаш ауылдық
 кітапханасының
кітапханашылары.