Талдықорғандықтар «Жетісудың жеті үздік әні» атты ән жинағын дайындады


Бұл тур Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды. Аталмыш жинақ Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында  республиканың және өзге де өңірлерден келген қонақтарға облыстың әуезді әндерімен таныстыру мақсатында дайындалған.

     Ән жинақта А.Қоразбаевтың әніне жазылған «Үшқоңыр» әні, Н.Тілендиев, Н.Әлімқұловтың әні мен сөзіне жазылған «Алатау» әні, Д.Рақышев, Ә.Дәуренбеков «Жер сұлуы - Жетісу», Е.Рахмадиев, А.Асылбеков «Жетісудың қыздары-ай», С.Кәрімбаев «Жетісу», М.Егінбаев, К.Салықов «Жетісу мен Көкшедей», Д.Құрамысов, Н.Әбдірахым «Сайран өлкем Жетісу» сияқты әндер бар.

    «Жер жәннаты Жетісу жеріне қоныс тепкен, қызғалдағы жайнаған киелі жерден талай ақындар мен батырлар, қара қылды қақ жарар, кемеңгер бабаларымыз бен от ауызды, орақ тілді би-шешендеріміз бір төбе. Ал бүгінде Жетісу елі мен жерін, тау-тасы мен өзен, көлін жырға қоспаған ақын-композитерлер кемде-кем шығар?! Осы себептен ең таңдаулы Жетісудың жеті әнін облысымыздағы өнер азаматтарымен бірлесе отырып іріктеп алдық», - деді облыстық өңірлік коммуникциялар қызметі басшысының орынбасары Қанапиянов Рүстем.

    Айта кетейік, болашақта ән жинақтар тек облыс меймандарына ғана емес, қарапайым адамдарға да түрлі конкурстар арқылы сыйға беріліетін болады.