Байқаудың жүлдегері

02.11.2018 жыл

Жуырда Талдықорған қаласында  Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Дін тағдыры – ел тағдыры» атты облыстық мақалалар байқауының   қорытындысы  жарияланды.Осы байқауда «Еліміздің зайырлы қағидаттары мен бірлігін нығайтуда, мемлекеттік-конфессияаралық келісімді сақтауға шақырған барлық мұраттарына қолдау танытып, діндердің асыл құндылықтарын өркениетті жолдармен көрсетуде белсенділігімен танылған»,-деген мәтінді дипломмен «Жаркент өңірі»  газетінің   директор-бас  редакторы Бағдат АЙТМҰҚАЕВА марапатталды.

 

           Аталған дипломды  облыстық  дін  істері басқармасының  басшысы  Р.  Есдәулетов  тапсырды.

Мерейлі  марапатыңыз 

құтты  болсын!