Өркенді істермен танысты

2.11.2018

Өткен аптада ауданымызға Қазақстан      Республикасының Премьер-Министрі   Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен келді.  Ең алдымен ауданымыздағы  білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен, сондай-ақ кәсіпкерлер қауымымен кездесіп, Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

            Жұмыс сапары барысында ауданымыздағы ауқымды инфрақұрылымдық нысандарды аралады. Атап айтқанда, Нұркент жаңа қаласын дамытудың бас жоспарымен және Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған «Nur joly» автомобиль өткізу пунктінің, «Қорғас» ШЫХО бақылау-өткізу пунктінің жұмыстарын қарап, негізгі техникалық әлеуетімен танысты. Сондай-ақ  шекара маңындағы жаңа салынған ғимараттардың құрылыс барысын тексерді.

               Премьер-Министр Б.Сағынтаевқа 2035 жылға қарай қала халқының саны шамамен 99 мың адамды құрайтыны айтылды. Сонымен қатар, 2022 жылға қарай 1 миллион мІ астам тұрғын үй (I кезек) пайдалануға беріледі. Бұл шамамен 5 аудан немесе 50 мың адамды құрайды. Нұркентте бірінші кезек аясында 24 әлеуметтік нысан, оның ішінде 8 мектеп, 12 балабақша, бір емхана және 3 медициналық орталық салу   көзделген.

               Алматы облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Б.Тәкенов екі 86 пәтерлік үй бойынша жобалық-сметалық құжаттама 2019 жылғы наурызға қарай дайын болатынын атап өтті. Үшінші үйдің жоспары жеке инвестор қаражаты есебінен жүргізіліп жатыр. ІІ кезек аясында 4 мыңға жуық адам баспаналы болады. Тұрғын үй қорының жалпы ауданы – 70 мың мІ.

               Бұдан өзге, «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру аясында аудан әкімдігі 16815 мІ  болатын төрт 60 пәтерлі арендалық үйді жобалау  жұмыстарын   жүргізіп   жатыр.

               Бірқатар құрылыс нысандарының жұмыс барысымен танысқан ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев өңіріміздегі жұмыс сапарын аяқтағаннан кейін облыс орталығына аттанды.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4142578