Жемісті жылдардың жеңісі

 

16.11.2018 жыл

Жуырда әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби   мерекесіне   орай   (бұл мереке Елбасы Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 20  қазандағы Жарлығымен бекітілген)

осы саладағы ұзақ жылдардағы жемісті еңбегі үшін аудандық жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің басшысы Жақыбай Азат     Жапарұлы   Қазақстан  Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы №447 бұйрығымен «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

   Осынау қызығы мен қиындығы  бірдей салада  табаны күректей 22 жыл бойы (жалпы еңбек өтілі 45 жыл)  жемісті еңбек  жасап келе жатқан Азат Жапарұлына барша аудан жұртшылығы  атынан ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасына амандық тілейміз! 

Аудандық  «Жаркент өңірі»  газетінің ұжымы.