ЛАТЫН ӘЛІПБИІН ҚОЛДАЙМЫЗ

16.11.2018 жыл

Қарашаның 14 күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында республика бойынша латын  графикасы  негізіндегі «Жалпыхалықтық диктант»  өтті.

    Жоғарыда аталған министрліктің мәліметі бойынша республикалық акцияға еліміздің барлық өңірлерінен 2 миллионға жуық қазақстандық қатысқан. Аталған шараға біздің ауданымызда белсенді түрде атсалысты. Диктантқа аудандық мемлекеттік ұйымдар, қала, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерімен қатар латын әліпбиін қолдаған аудан тұрғындары да қатысып, бақтарын сынады. Аудан бойынша жалпыхалықтық диктанқа барлығы 7664 адам өтініш берген. Диктант барлық өңірде бір мезгілде басталып, барлығына ортақ мәтін аудиожазба арқылы оқылды.

     Халқымыз үшін латын негізді қазақ әліпбиін меңгерудің маңызы зор. Сол себепті бұл шара – жаңа қазақ әліпбиін насихаттап, латын негізді қазақ қарпін тәжірибелік тұрғыдан меңгеруді мақсат етті. Диктант «Рухани жаңғыру» тақырыбында жазылды.