ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ БИІК БОЛСЫН!

 Құрметті   жерлестер!

      Ардақты   ағайын!  16-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Бұл күн еліміз үшін теңдесі жоқ тарихи күн. Сіздерді осы Ұлттық мерекемен шын жүректен  құттықтаймын!

 

     Тәуелсіздік – барша қазақ  елі   ерекше қадірлейтін, өткеннен тағылым алып, келешекке байыпты қадам жасайтын маңызды күн. Атаулы мереке тарихы тереңде жатқан халқымыздың сан ғасырлық арман-мұраттарымен бірге сабақтасып жатқанымен құнды  әрі  маңызы  айрықша.

Тәуекел  еткеннің  ғана  бағына  бұйыратын – Тәуелсіздіктің ақ таңы атып, ата-бабаларымыз  аңсап кеткен азаттықтың орнағанына биыл жиырма жеті жыл толып отыр. Осындай қысқа уақыт ішінде  еліміздің тірегі - Елбасымыздың көреген саясатының арқасында талай белестерді бағындырып, толайым табыстарға қол жеткіздік. Бүгінде мемлекетіміз жас та болса әрдайым көш басынан көрініп, бүкіләлемдік саяси мәселелерді шешуге атсалысып, жарқын істердің орындалуына себепші болып келеді.

            Тәуелсіздік – тәңір берген тәтті сый. Ендеше Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің берекесі баянды болғай. Баршаңыздың отбасыларыңызға береке, дендеріңізге саулық және   еңбектеріңізге   толағай  табыстар  тілеймін!

            Жарқын  мереке  құтты  болсын!