Топыраққа «тығылған» танк табылды

Үлкеншыған  ауылының тұрғындары ауыл сыртынан бұрынға жертөлені байқап, қазған кезде әскери қазына тауып алыпты. Топырақ астына жасырылған кеңестік заманнан қалған әскери танк екен.

       Әскери техниканың қаңқасын көрген тұрғындар жергілікті учаскелік  полиция инспекторына хабар берген.

      Қазір топыраққа «тығылған» танкті әскерилер келіп алып кетті – дейді аудан әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол  Ханағат.

Ақпаратты  әзірлеген:

Қ. Бейсебай.