Мерейлі шара

01.03.2019ж

«Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп – интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – парызымыз!» тақырыбында мерекелік кеш өтті.

     Мектеп-интернат ауласы, асхана, мерекелік кеш өтетін зал өз деңгейінде безендірілді. Мерекеге демеушілеріміз Шәріпхан қажы Тұрғанов, Роза Исмаилқызы, Роза Имирқызы және ел ағалары арнайы шақырылды. Келген қонақтар мектеп –интернаттың мұражайымен және тәрбиеленушілердің «Қолдан жасалған ғажайыптар» атты қолөнер көрмесімен танысты.
     Балалар мерекелік кешке белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Кештен кейін балаларға Жаркент қаласының орталығындағы мейрамхананың бірінде мерекелік түскі ас ұйымдастырылды. мұғалім Е.Оспанбек пен тәрбиешілер балалармен қала орталығындағы спорт алаңында түрлі спорттық ойындардан жарыс өткізді. Спорттық жарыстан кейін «Сinema» кинотеатрында «Ананы іздеу» фильмін тамашалады.

      Кинотеатрдан кейін, балалар «Бөлек батыр» саябағындағы Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына арналған «Ұлы жебе» монументіне саяхат жасады. Мектеп-интернатта «Мен -жұлдызбын» тақырыбында балалар арасында байқау өтті.
Байқауда балалар өз өнерлерін ортаға салды. Атап айтар болсақ, Николаева Алена мың бұрала билеп қазақ биін орындаса, Есмұратов Ислам, Қабылбеков Мирас патриоттық әндерді тамылжыта шырқаса, Садықов Асхат көркемсөзді мәнерлеп оқып ерекше көзге түсті.
М. Керімбеков.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4144471