Кәсіпкерлікке - кең өріс

11.03.19ж

Жуырда Жаркент қаласында ауданымыздағы барша кәсіпкерлердің бас қосқан жиыны өтті. Жиынға ірі-ірі шаруа қожалықтарының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

      Жиынға  Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңес мүшесі Тасқын Жапарқұл төрағалық етіп, арнайы шақырылған азаматтармен     таныстырды. Сондай-ақ жиында қаралатын мәселелерге тоқталды.

     Жиында аудан әкімі Темірлан Бектасов сөз алып, ауданымыздағы кәсіпкерлердің еселі еңбектеріне жоғары баға беріп, алдағы уақыттарда атқаратын жұмыстарына табыс тіледі. 

                Шара барысында Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің  төрайымы Рима Салықова кәсіпкерліктегі маңызды мәселелер туралы баяндады.

                Кәсіпкерлер жиынына арнайы келіп отырған Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман  Әбілшайқов жуырда ғана «Нұр Отан» партиясы  саяси кеңесіне мүше болған еді. Шара барысында кәсіпкерлердің  жұмысы бойынша маңызды пікірлерін айтып,  қарқынды еңбектеріне ризашылығын білдірді.  Сондай-ақ Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңес мүшесі Суриям Изимова өз пікірін айтып, ой толғады.

                Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы Панфилов аудандық филиалының жиынында филиал директоры Еркін Карагусинов ауданда 2018 жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындысы бойынша баяндама жасады. Онда  жылыжай шаруашылықтары, кооперативтер құру туралы, туризм және мемлекеттік  жекеменшік әріптестік, кәсіпкерлердің  құқығын қорғау, сервистік көмек туралы баяндалды. Сондай-ақ жұмыспен қамту сферасындағы мәселелерді шешу, оның ішінде нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті  жаппай дамыту бағдарламасы арқылы оқыту мәселесі және адами капиталдың  дамуы, өткізілген іс-шаралар туралы    баяндалды.

                Жиналыста  қаралған екінші мәселе бойынша аудандағы кәсіпкерлер кеңесін қайта құру жөнінде жұмыстар жүргізілді.  Сондай-ақ әр округтегі кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері  анықталды.  Алдағы уақытта кәсіпкерлік  қарқынды түрде дамымақ.

                Кәсіпкерлердің аудандық кеңесінде түрлі сұрақтар қойылып, оған қанағаттанарлықтай жауаптар қайтарылды және оларға  қолдау көрсетілетіні айтылды.

Жұмағазы   Нұрақынұлы.