«Көңілді тапқырлардың» өрнекті өнері

05.04.2019ж

Сәуірдің   1-і  күні  аудандық Мәдениет үйінде Көңілді тапқырлар алаңы ойынының финалы  болып өтті.

    Бұл финалдық ойын басқа ойындарға қарағанда ерекше. Себебі, ойынға алыстан арнайы қонақтар шақырылды. Атап айтсақ, ҚР Мәдениет қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық  қыздар педагогикалық университеті «Өнер және мәдениет» факультетінің деканы Г.Өмірбаева,  «Алматы ақшамы»  газетінің бөлім меңгерушісі Н.Байсақалова және  белгілі КТА ойыншылары «Жас Арал» жене «Тек қана қыздар» КТА командалары келіп,  өнер көрсетті. Бұл өнер байқауының демеушісі әр  ұйымдастырушысы болған ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 4 курс студенті Балгүл Нұртәліптің дипломдық жұмысының  негізіне  айналды.

     Қағытпа қалжыңымен, өзекті әзілдері көптің көңілінен шыққан командалар жүлделі орындарды өзара бөлісті. Биылғы маусымда көрерменнің көзайымына айналып, әзілдері жарасқан «Еркем-ай»  бүлдіршіндер тобы жеңімпаз атанса, ойын барысында бірдей өнер көрсеткен  Қоңырөлең және Кішішыған ауылының командалары екінші орынды, көп салалы колледжінің «Серілер» командасы үшінші орынмен  қорытындылады. Және де «Үздік ойыншы» кубогын «Эталон» құрамасының ойыншысы Ж.Давлетжан  иемденді.

     Жеңімпаз командаларға қазылар алқасы арнайы медальдар мен кубоктар табыс етті. Ал аудан әкіміне жоба жетекшісі Т.Қабатовтан арнайы «Алғыс   хат» берілді.                               (Өз   тілшіміз).