Көктемгі сенбілік

05.04.2019ж

Қоршаған ортаның тазалығы ең алдымен өзіміз тұратын қала тұрғындары мен қонақтарының денсаулығына, олардың өмір салтына тікелей байланысты екені сөзсіз. Сондықтан да көктем келе әр тұрғын өз ауласын таза ұстауға міндетті.

    «Тазалық – тіршіліктің бастауы» деп тегін айтылмаған. Осы тазалық өзіміздің денсаулығымыз үшін өте маңызды екені айтпаса да түсінікті.

    Өткен аптаның соңында өңірімізде тазалық айлығына орай мекеме, кәсіпорын, оқу орындарының қызметкерлерінің қатысуымен үлкен  сенбілік  өтті. Қаламыздың орталығындағы алаң мен «Өркен», «Бөлек батыр» саябағының айналасын тазалау жұмыстары жүргізілді.

    Бұл тазалыққа мекеме басшылары мен аудан халқы бірауыздан жұмыла көтеріліп, қаламыздың халық дем алатын демалыс орындарына тазалық сыйлады.

    Тазалық жұмыстарын жүргізу  әлі   де жалғасын таппақ.

М.Керімбеков.