Ел тынысымен жете танысты

 19.04.2019ж  Жуырда  ауданымызға  «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров ресми іс-сапармен келген болатын. Сапар барысында С.Нұрқадырұлы аудандық партия филиалына қарасты  «Денсаулық», «Жаскент», «Жаркент» бастауыш партия ұйымдарына барып, ондағы жұмыс барысымен танысты.

 

       Сондай-ақ  «Жаскент»  БПҰ-да орналасқан Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұйымдастыру ісінің жаңашылы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның еңбек сіңірген өндіріс жетекшісі Николай Никитич Головацкийдің мұражайының қонағы болды. Одан бөлек Головацкий ауылында орналасқан коворкинг орталығында және «Жаркент» БПҰ-на қатысты «Таңшолпан» балабақшасында инклюзив бағыты бойынша тәрбиеленіп жатқан кішкентай бүлдіршіндердің бір күндік тынысымен танысып, ондағы тәрбие мен оқыту жүйесіне оң бағасын берді.